Оқиға • 25 Сәуір, 2021

Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінен оқ жаудырған ер адамға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты

«Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы қолданған қарудың кімге тиесілі екені анықталады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшы мылтығынан жарақат алған болатын. Полиция департаментінің мәліметінше, күзетшіні белгісіз ер адам арадағы жанжалдан соң аяғынан атқан. Ол қазір ауруханада жатыр.