Оқиға • 26 Сәуір, 2021

Ауруханада өрт шықты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирак астанасы Бағдатта COVID-19 вирусын жұқтыр­ған науқастарды емдеу үшін салынған ауруханада өрт шық­ты. Тілсіз жау ондаған адамның өмірін қиды.

Ауруханада өрт шықты

 

Ибн Хатиб ауруханасындағы өрт оттегі бал­лон­дарының жарылуынан туындады дейді. Пан­демия кезінде вирус жұқтырғандарды емдеумен айналысқан медициналық орталықтағы апат кезінде кемінде 27 адам қайтыс болып, 46 кісі жараланған деген ақпарат бар.

Орталық қызметкерлері жалынның тез тарап кеткенін, оны тоқтату мүмкін болмағанын жеткізді. Оның үстіне ғимаратта өрт сөндіру құрылғылары қарастырылмаған.

Ирактың Азаматтарды қорғау агент­тігінің басшысы Кадим Бохам аурухана­дағы 120 науқастың 90-ы құтқарылғанын мәлімдеді. Генерал-майордың айтуынша, өрт толықтай сөндірілген.

Елдің онсыз да ондаған жыл бойы түрлі санкция, соғыс пен сәтсіз келіс­сөздерден жапа шегіп, кен­желеп қалған медицина саласы тағы бірнеше жыл­ға артқа ысырылғандай соққы алды. Оған қоса коронавирус пандемиясы да Ирактың медицинасы қаншалықты ақсап тұрғанын көрсетіп үлгерген еді.

Жалпы, Иракта вирусқа қатысты жағдай оңал­мады. Өткен аптада COVID-19 жұқтырғандар саны 102 528 болса, одан көз жұмғандар 15 217-ге таяды.

Ауруханаларда оттегі баллондары жетіспейді. Өздігінен дем алуы қиын науқастардың төсектері­не цилиндрлер әкелінген. Алайда ол цилиндрлер ұзаққа бармайды. Медицина қызметкерлері мен науқастың туыстарына оны үнемі ауыс­тырып отыру керек екен. Азаматтарды қорғау агенттігі өртте қазақ тапқандар осы цилиндрсіз дем ала алмайтындар екенін жеткізді. Олардың айтуынша, құрылғы алып жүру үшін де ауыр болып шыққан.

 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00