Әлем • 26 Сәуір, 2021

Ресейде қатарынан он күн демалыс жарияланды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстіктегі көрші елде 1 мамырдан бастап, 10 мамырға дейін демалыс жарияланды. Ал жұмысшылардың жалақысы сақталады. Ресей билігі бұл шешімді елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталады деген үмітпен қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz news1.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресейде қатарынан он күн демалыс жарияланды

© РИА Новости / Евгений Биятов

4 мамырдан 7 мамырға дейінгі жұмыс күндері төленуі тиіс жалақы сақталатын болды. Тиісті шешімді РФ президенті Владимир Путин қабылдаған. 

Ресейдегі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызмет басшысы Анна Попова Ресей басшысына мамыр айындағы демалысты ұзарту керектігі жөнінде ұсыныс жасаған. Ол ресейліктер үшін қос мереке арасындағы үзіліс халықтың қаладан-қалаға бірнеше рет сапар шегуіне әсер ететіндігін айтқан. Эпидемиологтар қазіргідей жағдайда мұндай жиі қарым-қатынастар қауіп тудырады деп санайды.  

Анна Попова үзіліссіз демалыс Ресейдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырады деп есептейді. Қазіргі уақытта Ресейде COVID-19-ға қатысты жағдай «азды-көпті тұрақты» деп бағаланады. Бұл туралы вице-премьер Татьяна Голикова айтты. Оның айтуынша, эпидемиологиялық бақылау күн сайын жүргізіліп отыр. Сонымен қатар ол өңірлерде біртіндеп шектеулерді азайтып, азаматтарға коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина қабылдау керек екендігін ескертті. 

лл

Фото Натальи Селиверстовой, РИА Новости. 

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин мамыр айындағы демалыс күндерін ұзарту туралы бастамамен келіскені белгілі болған еді. 

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұзақ мерзімді демалыс жайлы шешімге түсініктеме беріп, локдаун туралы әңгіме болмағанын, сондықтан барлар, мейрамханалар мен музейлердің жұмысы ретсіз тоқтамайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51