«26 сәуір күні сағат 14:21-де Көкшетау қалалық полиция бөлімшесіне 1984 жылғы ер адам хабарласып, 12 жастағы ұлы Сергей Александрович Кривоножконың жоғалып кеткенін айтып, іздеуге көмек сұрайды. Әкесінің сөзінше, ұлы сағат 13:00 шамасында қарындасын мектепке алып кеткен, содан үйіне қайтып оралмаған. Жоғалаған бала үстіне көк күрте, қара бас киім, қара шалбар және қара кроссовка киген», деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің өкілдері.
Тәртіп сақшылары жоғалған баланы көрген адамдар немесе оның жоғалғанына қатысты қандай да бір дерек білетін жандар болса, «102» арнайы желісі бойынша полицияға хабарласуды сұрайды.