Тағайындау • 27 Сәуір, 2021

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына жаңа әкімі тағайындалды

26 рет көрсетілді

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының әкімі болып Сержан Аймақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сержан Жаңабекұлы Аймақов 1961 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды политехникалық институтын және Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.

1989 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Түрлі лауазымдарды атқарған. 90-жылдары Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары болды, Қарқаралы аудандық салық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2000-2007 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Кейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды.

Сондай-ақ, Қарқаралы және Осакаров аудандарының әкімі болып жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шахтинск қаласының әкімі қызметін атқарды.

Ал Шахтинск қаласы әкімі болып бұған дейін Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Әскербек Халтонов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар