Өзбекстанның ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Андижан облысының Мархамат ауданы мен Сурхандария облысының Денау ауданындағы базарларында тіркелген.
Департамент коронавирус инфекциясымен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілгенін мойындап отыр.
«Коронавирустың таралу ошақтарын азайту және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жұмыс жедел әрі жүйесіз жүргізілді», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тергеу шараларын бастады. Жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.