«Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы карантиндік шектеулерге байланысты әуе есебі жүргізілмей қалған болатын.
Әуеден есепті «Охотзоопром» РМҚК қызметкерлері, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы және Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары бірлесіп жүргізуде», деді министрліктен.
Мәлім етілгендей, киік есебіне Охотзоопром инспекторларының екі тобы жұмылдырылған. Олардың біріншісі – Бетпақдала популяциясына, екіншісі – Орал және Үстірт популяцияларына санақ жүргізеді. Осы мақсатта тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағатын орындау жоспарланған.
«2019 жылы жүргізілген есепке алу жұмыстарына сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 334 400 басты құрады.
Осы кезеңде ақбөкендердің әуе есебі Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында (Орал және Үстірт таралымы) аяқталды және Бетпақдала популяциясын есепке алу бойынша Қарағанды, Ақмола облыстарының аумақтарында жалғасуда.
Киіктердің әуе есебін 2021 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда», - деп қосты ведомстводан.