«Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясының маңызы ерекше. Биыл Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін жыл. 1991 жылы еліміз халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Ол бостандық, ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін өмір сүру, жаңа мемлекет құру. Оның тағдыры үшін жауапкершілік алу уақыты болды. Оның бәрі өзіміз басымыздан кешіріп, көзімізбен көрдік. Енді, биыл осы 30 жылдықты атап өтеміз.
30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз елімізде бірлікте, бейбітшілік пен келісімде алға қадам басу жөнінде тағы бір маңызды шешім қабылдады», деді Н.Назарбаев.
Елбасы өз сөзінде ұлттық дамудың біз таңдаған стратегияның дұрыс әрі тиімді болғанын жеткізді. Осылайша, мемлекеттің іргетасын қалауға өте қолайлы жағдай жасалып, заманауи Қазақстанның келбетін қалыптастыруға мол ресурспен қамтамасыз етілді.
«Мұнда басты камертон – «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деп Ата заңымыздың преамбуласы екені сөзсіз. Бұл сөйлемнің мағынасы өте маңызды. Өйткені Конституцияны жазу барысында бұған мен ерекше мән бердім.
Негізгі заңымыз ұлтына, сенімі мен тіліне қарамастан бүкіл отандасымыздың мүддесіне сай келеді. Ата заңымыздың 11 бабы мемлекетіміздің бірлігін, бейбітішілік мен келісімін бекітеді, қорғайды, нығайтады. Елімізде тіліне, ұлтына, дініне қарап дискриминация жасауға тыйым салынған.
Осы орайда, қазақ халқы көпұлтты қоғамның шоғырлануда интеграциялық процестің арқауына айналды. Мұндай жағдай бүкіл әлемде бар. Мәселен, Америкада мыңдаған халық бар. Бірақ олардың бәрін ағылшын тілі біріктіреді», деді Елбасы.
Сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Айта кетейік, сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.