Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

ШҚО-да 9 шетелдік азамат елден шығарылды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Еgemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да 9 шетелдік азамат елден шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін және ҚР Азаматтық процестік кодексін бұзғаны үшін жыл басынан бері сот шешімі бойынша тоғыз шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Бүгінгі таңда олардың бесеуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды. Мәселен, 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматшасы елден шығарылды, ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған болатын. Әйел жазасын ОВ 156/18-де өтеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азаматшаға ҚР-ға кіруге бес жыл мерзімге тыйым салынды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Іс-шаралар барысында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.