Теннис • 28 Сәуір, 2021

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Жасөспірім ұлдар мен қыздар 2-4 мамыр аралығында өзара мықтыны анықтайды.

Атап айтқанда, Аламн Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Сағантай Кұрмамбаев (ШҚО), Анель Бақыт (Шымкент), Искандер Харки (Жамбыл обласы), Арай Ашкеева (Қарағанды), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Алиса Цвигун (Нұр-Сұлтан), Санжар Жұбанов (БҚО), Виктория Мочалкина (Қарағанды), Қадырғали Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Елизавета Лаврова (Нұр-Сұлтан) сынды спортшылар өздерініғ мықтылығын тағы бір рет дәлелдемек.

Ел біріншілігі қатаң ережелерді сақтай отыра, көрермендерсіз өтеді.