Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Оралда немересі өз әжесін тонаған

55 рет көрсетілді

Оралда немересі өз әжесінің 1 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Еgemen.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1992 жылғы тұрғын бұрын да істі болған.

Ол 70 жастағы әжесін коммуналдық және басқа төлемдерді төлеу үшін телефонына банктің мобильдік қосымшасын орнатуға көндірген. Содан кейін зейнеткердің банктік шотына кіруге мүмкіндік алып, ақшаны өзінің есепшотына аударып алған. 1 миллиондай теңгесінен айырылған әйел полицияға жүгінген кезде қаржыны өз немересінің ұрлағаны анықталды.

Қазіргі кезде ұсталған жас жігітке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ақшаны қайтару мүмкін болмады. Оны күдікті бірнеше күннің ішінде жұмсап үлгерген.

 

Соңғы жаңалықтар

Мінсіз – кім?

Руханият • Кеше

Семейдегі серпіліс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар