«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚҚ басшылығы орны толмас шығын – ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», делінген хабарламада.
Саят Мыңбаев бұған дейін ҰҚК-нің әскери барлау департаментінің бастығы болған. Ол – «Қазақстан темір жолы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.