Теннис • 29 Сәуір, 2021

Отандастарымыз Мадрид турнирінде жеңіліп қалды

16 рет көрсетілді

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейтингте 30-сатыдағы Ю.Путинцева әлемнің 18-інші, осы доданың 15-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контадан айласын асыра алмады – 4:6, 2:6. Бәсеке бір сағат отыз минут уақытқа созылды.
Ал дүниежүзілік рейтингте 725-орында тұрған Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Я.Шведова әлемнің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. Бір сағат 15 минутқа созылған матчта тунистік теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.Осылайша жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Мадрид жарысы қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.

Ендігі бар үміт Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакинада. Ол ертең негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингте 78-орындағы аустралиялық Айла Томляновичпен кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар

Мінсіз – кім?

Руханият • Кеше

Семейдегі серпіліс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар