Парламент • 29 Сәуір, 2021

Сенатта зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері талқыланды

8 рет көрсетілді

Сенат депутаттары Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институтының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттағы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қанатбек Сафинов отырысты аша келіп,зияткерлік меншік құқығын қорғау елдің экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етудегі маңызды шарттардың бірі екенін атап өтті. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін ол маңызды мәселеге айналып отыр. Сенатор сондай-ақ Парламент депутаттары Владимир Волков, Сәуле Айтпаева және Гүлнара Бижанова бастамасымен әзірленген заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған түзетулер құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен Қазақстан Республикасындағы патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сәйкес сондай зияткерлік меншік объектісін «географиялық көрсеткіш» ретінде енгізу, сондай-ақ тауарлық белгілер құқығын қорғауды күшейту көзделіп отыр», деді Қанатбек Сафинов.

Әділет министрінің орынбасары Ақерке Ахметова Зияткерлік меншік саласын дамыту тұжырымдамасы мен Жол картасы жобасын дайындау барысы туралы сенаторларға айтып берді. Оның айтуынша, Тұжырымдамада зияткерлік меншік құқығын қорғау мен қорғауға байланысты барлық мемлекеттік органдардың қызметін қамту ұсынылған.

2020 жылы Зияткерлік меншік институты 14 мыңнан астам қызмет көрсеткен болатын. Олардың ішінде зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын тіркеу және қорғау құжаттарын беру, авторлық құқықпен қорғалатын және т. б. объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу және оларды өзгерту де бар.

Сенатор Қанатбек Сафинов кездесуді қорытындылай келe, министрлік пен институт ұсынған ақпарат назарға алынатынын және кейіннен заң шығару қызметінде ескерілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар