Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Сергей Цырульников салмағы 24 тонна тракторды сүйреді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы қазақстандық Сергей Цырульников өзінің қара күшімен отандастарын тәнті етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Сергей Цырульников салмағы 24 тонна тракторды сүйреді

Aлып күш иесі салмағы 24 тонна болатын тракторды бірнеше метрге сүйреді.

Бұл ТМД-дағы ең үлкен тракторлардың бірі. Салыстырмалы түрде айтсақ, «Кировец» тракторының салмағы шамамен 14 тоннаны құрайды. Ал отандасымыз сүйреген трактор одан 10 тоннаға ауыр.
Күш нөмірі Солтүстік Қазақстан облысының Николаевка ауылында өтті.