Ауа райы • 30 Сәуір, 2021

Қазақстанда 36 градус аптап ыстық болады

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 1-3 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 36 градус аптап ыстық болады

Қазгидромет мәліметіне сәйкес 2 мамырда күн жылиды. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 28-36 градусқа дейін, солтүстік облыстарда 15-23 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

1 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететін жел болуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.