Медицина • 30 Сәуір, 2021

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін өседі – Алексей Цой

51 рет көрсетілді

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 561 теңгеге дейін көтеріледі және еліміздегі орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 20 пайызға өсті. Ал 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге, ал орта медицина қызметкерлерінікі – 210 мың теңге болады», деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ министр халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтауда кадрлық ресурстың маңыздылығын атап өтті.

Цойдың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың, оның 32 мыңы бейінді мамандар.

Соңғы жаңалықтар

Меркель қызметінен кетті

Саясат • Бүгін, 17:30

Сарапшы Головкинді қатты сынап тастады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 16:15

Ұқсас жаңалықтар