«Осы уақытқа дейін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын таныды. Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды», деді Президент.
Сондай-ақ ол жақында ғана «Grammy» сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновтың жетістігін атап өтті.
«Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана «Grammy» сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды», деді Мемлекет басшысы.