Қоғам • 30 Сәуір, 2021

Вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктіріледі – А. Цой

52 рет көрсетілді

Бүгінде бүкіл әлем тек вакцинацияның карантинсіз өмірге оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Қазақстан бойынша 1 184 124 адам бірінші компонентпен және 239 965 адам екінші компонентпен вакцинацияланды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтамасыз ету үшін 1 мыңнан астам егу пункті ашылды және 400 жылжымалы/көшпелі егу пункттері іске қосылды. Жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған. Вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. 

Ол халықтың иммунопрофилактикасы үшін e-gov mobile «Вакцинация» сервисін, sms-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисінде вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылатынын айтты.

Болашақта вакцинация паспортын қолдану кеңейтіледі. Вакцинациялау жүргізу туралы деректер электрондық форматта орналастырылады. Бұл вакциналанғандардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

«Вакцинация паспорты мынадай деректерді қамтиды: адам қандай препараттар алды, қандай дозаларда, қандай күндерде, құжатты талап ету орны бойынша көрсетуге және QR-кодтың көмегімен қолжетімділікті ашуға мүмкіндік береді. Вакцинация паспорты вакцинаның 2 компонентін алғаннан кейін беріледі», деді Цой көпшіліктің қызығушылығын тудырған сұраққа.

Вакцинация паспортын біріктіру үшін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Ал 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен біріктіру жүзеге асырылады.

«Шектеу шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында 2021 жылдың қаңтарында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты іске асыру басталды. Бұл қосымша республиканың барлық өңірлеріне ауқымдандырылған, бұл оның қатысушыларына шектеу шаралары режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. «Ashyq» денсаулық және сұлулық, көлік, мәдениет, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық объектілерінде, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда, банктерде, ХҚКО мен ЖОО-да жүзеге асырылады», деді министр. 

Вакцинация паспортымен қатар жылу карталары енгізіледі. Бұл телекоммуникациялық деректер базасында пандемия кезеңінде қаланың белсенділігін талдау жүйесі. Жылу карталары тұрғындардың шоғырлану орындарын, шұғыл қызметтерге қоңырау шалу орындарын, облыстық көші-қон ағындарын анықтауға мүмкіндік береді. Жылу карталарын пайдалану бойынша пилоттық жоба Алматы қаласында іске асырылуда.

Соңғы жаңалықтар

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

«Динамодан» жеңілді

Хоккей • Кеше

Креативті кітап дүкені

Аймақтар • Кеше

Жанбота жарап тұр

Спорт • Кеше

Ақын тұтынған кесе

Тарих • Кеше

Ұқсас жаңалықтар