Қоғам • 30 Сәуір, 2021

«100 жаңа есім» жобасында үздік шыққандар

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айрықша үлес қосып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«100 жаңа есім» жобасында үздік шыққандар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында ортасынан оза шауып, ерен шыққандардың легі көп болды. Солардың қатарында «Қоғам» санатында Қазақстан Қарулы күштерінің тұңғыш әскери ұшқыш-истребителі Ардана Ботай ерекше көзге түсті. Себебі Ардана балауса шағынан бастап әскери ұшқыш болуды армандаған. Бүгінде ару қызымыз авиациялық эскадрильядағы жойғыштың аға ұшқышы болып қызмет атқарады. Сондай-ақ ол «Су-30СМ» жаңа буын жойғышымен әуеге көтеріліп, ұшып жүр.

Ал жобадағы «Ғылым мен инновация» санатында топ жарған жас инженер Санжар Тайжан Англияда жер-жаһанға әйгілі Jaguar және Mclaren сияқты алпауыт компаниялармен жұмыс істеді. Ол конкурсқа қатысқан 30 студенттен тұратын команданы құрып, миллиардер Илон Масктың Not-A-Boring Competition байқауының финалына өткен еді. Енді жас буын Илон Mask-тың компаниясында өміршеңдегін көрсетіп келе жатқан үш жобаны қолға алған.