Ақтөбеде вакцинациялау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде өңірде қазақстандық вакцинаның 2 мың дозасы жеткізіліп, Ұлттық ұлан сарбаздарына берілді.
«1-3 мамыр күндері аралығында сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін вакцинациялау жұмысы жүргізіледі. Жылжымалы медициналық кешендер ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақта, Орталық стадион алдындағы алаңда және «Анвар», «Дина» гипермаркеттерінің алдында болады», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Оның айтуынша, 1-3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін қаланың барлық емханасында вакциналау жүргізіледі. Барлық екпе пунктінде ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынады.