Саясат • 30 Сәуір, 2021

Қазақстан елшісі Италия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Ерболат Сембаев Италияның президенті Серджо Маттареллаға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Италия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Квиринале сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін олардың екіжақты кездесуі өтіп, Қазақстан елшісі Ерболат Сембаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

С. Маттарелла өз кезегінде әріптесіне ыстық достық ықыласын жеткізіп, Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Кездесу соңында отандық дипломат екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді. Италия президенті өз тарапынан елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.