Оқиға • 02 Мамыр, 2021

Елордада 300 шаршы метр аумақ өртенді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада құрғақ шөп отқа оранып, жақын маңдағы жеке үйді өрт шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 300 шаршы метр аумақ өртенді

«2 мамыр күні сағат 12:22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша шықты. Келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды. Алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта жеке құрамнан 15 адам және 3 бірлік техника құрамында өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

 

өрт