Аустралияның Денсаулық сақтау министрі Грег Хант мәлімдемегендей, бұл шешім Үндістандағы Covid-19 жағдайының нашарлауына байланысты Үкімет жиналысынан кейін қабылданды.
Тыйым барлық азаматтарға, соның ішінде аустралиялықтарға да қатысты. Мұны бұзған азаматтар 33-тен 66 мың аустралиялық долларға дейін (25,5-тен 51 мың долларға дейін) айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деді министр.
Үкімет 15 мамырда Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты оның шешімін қайта қарауға ниетті.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Аустралияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 29,8 мың адамды құрайды.
Осыған дейін Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Үндістанмен әуе қатынасын тоқтата тұру керектігін айтқан еді. Көптеген елдердің билігі де осындай шаралар қабылдауға мәжбүр. Атап айтқанда, Ұлыбритания Үндістанды ең қауіпті елдердің қатарына қосты, әуе қатынасын шектеді және барлық келушілерге міндетті карантин енгізді.
Еске салсақ, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, елдегі жағдай қиындады. Бірқатар ел Үндістанмен әуе қатынасын тоқтатты.