Бағдарламалар • 04 Мамыр, 2021

Жануарларды қорғауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде үйсіз жануарларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жануарларды қорғауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

Жануарларға мейіріммен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Аyala» жобасы негізінде еріктілер үшін шағын гранттар конкурсы ашылды.

Байқаудың  мақсаты – волонтерлік бастамаларды және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жобаларды дамытуға, волонтерлердің жеке бастамаларын қолдауға бағытталған конкурсты ұйымдастыру және 5 шағын грант (әрбір жобаға 500 мың теңге) бөлу. Шағын гранттар конкурсына қатысуға Қазақстан Республикасының бастамашыл топтары мен үкіметтік емес ұйымдары қатыса алады.

Оған еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады, алайда жоба Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылады. Байқау ережесін @league_volunteers және @birgemiz Instagram профильдерінен табуға болады. Шағын гранттар беруге арналған конкурс келесі 5 тақырып бойынша жарияланады:

  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша акциялар.
  2. Жануарларға қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған флешмоб.
  3. Қоғамдық назар аудару бойынша жануарлардың фотокөрмесі.
  4. Тегін ветеринариялық қызмет көрсету.
  5. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер.

Конкурс 2021 жылдың 29 сәуір және 25 мамыр аралығында өткізіледі. Бір тақырып бойынша бір өтінім берушіден 1 (бірден) артық өтінім беруге жол берілмейді. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.