Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.
«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым», деп жазды министр.
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, академик (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан).
2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.
2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.