Қоғам • 04 Мамыр, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру – Назарбаевтың көреген саясаткерлігінің арқасы

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мен Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты «Жаңа технологиялар перспективасы» ғылыми-зерттеу институтының(Иран) атқарушы директоры Мирғасем Мумени пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру – Назарбаевтың көреген саясаткерлігінің арқасы

Қазақстан 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері дербестік алғаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізді.

Биылғы жылы ТМД-ның құрамындағы Армения мен Әзірбайжан арасында Таулы Қарабақ соғысы тұтанса, ал тағы бір жағында Тәжікстан мен Қырғызстан арасында шекара даулары басталды. Осы жағдайларға байланысты Қазақстан жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өзара түсіністік пен тату көршілік аясында бейбіт жолды ғана таңдайды.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың құқықтары мен еркіндігі тең екендігін айта кеткен жөн. Осы орайда, Н.Назарбаевтың парасатты әрі көреген саясаты мемлекетті азаматтық соғыстың өртінен аман сақтап қалды. Қазақстанда этникалық, тілдік және нәсілдік әралуандықтың жоғары екендігіне және  елде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар болғанына қарамастан, ел азаматтық соғысқа және көршілерімен шекара дауларына бой алдырмады.

Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы арқылы барлық ұлыстар, нәсілдер мен тілдердің өкілдері мемлекетті басқару ісіне  қазақ азаматы ретінде қатыса алады. Ассамблеяны құру бастамасы Қазақ елін түрлі келіспеушіліктер мен соғыстардан аман сақтап қалды.

Сонымен қатар Ассамблея Қазақстанның алға басуы мен дамуының маңызды факторы бола білді.