Қоғам • 05 Мамыр, 2021

Қос азаматтығы бар түркиялыққа айыппұл салынды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның көлік полицейлері қос азаматтығы бар Түркия азаматына 600 мың теңгеге жуық айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қос азаматтығы бар түркиялыққа айыппұл салынды

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған Түркия азаматшасын анықтап, ұстады. Тексеру барысында көлік полицейлері «Стамбул-Алматы» бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген Қазақстан мен Түркияның азаматтығы бар 32 жастағы әйелді әкімшілік жауапқа тартты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматына 200 АЕК мөлшерінде (583 400 теңге) айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген хабарламада.