
Еңбек жолын Казталов ауданы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторлығынан бастаған. 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі және 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған.
2011-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылғы ақпан айынан бүгінге дейін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарып келді.