Апат мамырдың төртінен бесіне қараған түні орын алған. 34 жастағы қала тұрғыны рөлге ие бола алмай қалған. Сынған ағаш жол үстіне құлаған. Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Тексеріс барысында жігіттің жүргізушілік куәлігі болмағаны анықталған. Оның үстіне медициналық куәландырудан бас тартқан. Ал бұл әрекет құқық бұзушылық саналады.
«Қала тұрғынына қатысты 2 хаттама толтырылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілген. Сот қаулысымен жүргізушіге 25 тәулік түріндегі әкімшілік қамау және 60 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл белгіленді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны штабының бастығы, полиция майоры Оксана Попова.