Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Атыраудағы ХҚКО-да вакциналау бекеті ашылды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы ең ірі Халыққа қызмет көрсету орталығында вакциналау бекеті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы ХҚКО-да вакциналау бекеті ашылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бекетте Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де, келушілер де коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруына болады. Аталған орталық «Нұрсая» шағын  ауданында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау филиалында 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 100 қызметкер вакцина алуға өз еркімен келісім беріп, екпе салдыра бастады. Вакцина салуға №2 Атырау қалалық емханасынан  1 дәрігер мен 2 медбике тартылды» дейді филиалдың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бекжан Ахметов.

Оның айтуынша, ХҚКО-дан «Нұрсая», «Болашақ», «Тұлпар» шағын аудандарында тұратын тұрғындардың да «Спутник V» вакцинасының I компонентін алуына мүмкіндік жасалып отыр.