«Міндетті түрде айта кететін жайт, аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі. Учаскелердегі кез келген технологиялық процестер Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды», деген ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол аукцион жеңімпаздары жобалау құжатын әзірлеу алдында жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті екенін ескертті.
Осы шарада ол сәуір айында өткен онлайн аукционда мұнай кеніштері бастапқы бағасынан 13 есе қымбатқа сатылғанын айтты. Вице-министрдің айтуынша, кен орындарын онлайн аукционда сату тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.