Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Атырауда екі соғыс ардагеріне 1 миллион теңгеден берілді

438 рет көрсетілді

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетовтің мәліметінше, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі майдангер қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос ардагердің бірі – биыл ғасыр биігін бағындырған Айдын Айбаров, екінші майдангер Закария Сұлтановтың жасы – 96-да. Сондай-ақ, соғыс жылдарында концлагерь тұтқынында болған бір адам бар. Ал, тылда еңбек еткендердің саны – 1919 адам.   

«Жеңіс күні қарсаңында Атырау қаласында тұратын екі майдангерге 1 000 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны санатына жататын бір адамға 1 000 000 теңгенің қолдауы көрсетілді. Ал, Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккері санатындағы 45 адам 100 000 теңгеден біржолғы ақшалай көмек алды. Соғыс жылдарында жұмыс істеп,  алайда, наградталмаған  тыл еңбеккерлерінің тағы бір тобына – 1874 адамға 30 000  теңгеден қаржылай көмек беріліп отыр» деп мәлім етті облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар

«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!

Егемен Қазақстан • Бүгін, 19:08

Курчатовта АЭС салынуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 18:02

Вакцина салдырғандар саны артты

Коронавирус • Бүгін, 09:35

905 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:08

Ұқсас жаңалықтар