Президент • 06 Мамыр, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

27 рет көрсетілді

Ақорданың ресми сайты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрметті сардарлар мен сарбаздар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтаймын!

Халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мерекені биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында атап өтеміз.  

Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында.  Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз қас қақпай  күзетіп тұр. 

Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайладық. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық. Бүгінде армиямыз – елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры.

Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын мемлекет. Бірақ, ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс бере аламыз. Соңғы уақытта  жер жүзінде түрлі қақтығыстар көбейіп кетті.

Сарапшылар алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарды қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі ахуалмен теңестіруде. ТМД аумағында, тіпті, іргелес көрші елдерде жанжалдар пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түсті. Бұл – бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек. 

Біздің әскеріміз және барлық Күштік құрылымдар сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болуға тиіс.

Қазақта «Ел – ерлерімен еңселі» деген қанатты сөз бар. Біз – тұтас тарихы, қаһармандық дәстүрі қалыптасқан жұртпыз. Батыр бабаларымыз осынау кең байтақ жер үшін шайқасып, ұрпағына мирас етіп қалдырды. Ал, кешегі аталарымыз бен әкелеріміз сұрапыл соғыста жеңіске жетті.

Біз  өткеннен тағылым аламыз. Отан үшін, ел мен жер үшін жанын пида еткен боздақтардың рухына тағзым етеміз. 

Туған жердің шебін күзетіп, тұтастықты сақтау – әрбір азаматтың қастерлі парызы. Еліміздің тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік.

Халқымыз береке-бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында алаңсыз ғұмыр кешуде. Шын мәнінде, осы бейбіт өмірдің өзінде батырлық пен ерлікке орын бар. Ерлік уақыт талғамайды, себебі бұл қасиет Отаншылдықтан бастау алады.

Қазір бүкіл адамзатқа коронавирус дерті қатер төндіріп тұр. Індетті тоқтатуға әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар бір кісідей жұмылды. Соның арқасында ахуал айтарлықтай тұрақтанды.

 

Уважаемые участники церемонии!

Армия и силовые структуры являются главными гарантами суверенитета и национальной безопасности страны. В условиях глобальных катаклизмов и геостратегической нестабильности в мире роль военнослужащих многократно возрастает.

Вы надежно стоите на страже нашей Независимости. Благодаря вашим усилиям Казахстан является признанным донором региональной и международной стабильности. Наши военнослужащие успешно выполняют поставленные задачи в рамках миротворческих миссий Организации Объединенных Наций.

Одним из показателей высокого профессионализма сотрудников органов национальной безопасности стало безупречное проведение спецоперации «Жусан».

Последовательно совершенствуется деятельность полиции и прокуратуры.

По моему поручению началась реформа правоохранительной системы. Ее эффективная реализация значительно повысит уровень доверия к институтам власти, обеспечит укрепление правопорядка и социальной справедливости в обществе.

Для усиления обороноспособности страны государство уделяет пристальное внимание боевой готовности и оснащению Вооруженных cил. В войска на системной основе поступают самые современные образцы вооружения и военной техники. Поэтапно повышается уровень заработных плат и социальной защиты военнослужащих, сотрудников правоохранительных органов.

Жалпы, әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсету  мемлекеттің айрықша назарында болады. Елімізде өз өмірін Отан қорғауға арнаған кәсіби мамандар аз емес. Бүгінгі марапат пен алғыс – барша әскери қызметшілерге, күштік құрылым қызметкерлеріне көрсетілген шынайы құрмет.

Сіздердің отаншылдық рухтарыңыз, ең алдымен, жас ұрпақ үшін жақсы үлгі-өнеге. Олар сіздерге қарап бой түзейді.     

Сіздер ерен еңбек пен нағыз ерлікті паш етіп келесіздер. Жоғары мемлекеттік марапаттар Отан алдындағы қызметтеріңізге жаңа жігер береді деп сенемін.

Бауыржан Момышұлы «Еліңді сүймей, ерлік жасай алмайсың» деген.  Қазір ортамызда сын сағатта жанқиярлық көрсеткен бейбіт күннің батырлары тұр. Олардың қай-қайсысы да құрмет пен қошеметке лайық.

Мерекеге орай, менің Жарлығыммен бір топ азамат жоғары мемлекеттік наградаға және әскери, арнаулы атаққа ие болды. Осы сапта Қарулы Күштердің және құқық қорғау саласының, арнайы органдардың өкілдері бар. Түптеп келгенде, бәріңіздің қызметтеріңіз ортақ, міндеттеріңіз бір. Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Мысалы, полиция аға лейтенанты Нұржан Кәкеев ауыр жарақат алғанына қарамастан, қарулы қылмыскерді дер кезінде қолға түсірді. Ол бүгін екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталады.

Евгений Пивень, специалист президентского полка «Батыр» сил особого назначения Службы государственной охраны, благодаря своей бдительности предотвратил взрыв на складе боеприпасов военной части. За это он представлен к ордену «Айбын» третьей степени.

Диляфруз Кинжеханова, старший инспектор Управления местной полицейской службы по Жамбылской области, не только безупречно выполняет свой профессиональный долг, но и одна воспитывает 9 детей. В прошлом году о ней был снят короткометражный фильм «Мама». Сегодня она заслуженно получит орден «Құрмет».

Өрт кезінде жалыннан қаймықпай, батырлық танытқан бір топ азамат «Ерлігі үшін» медалімен наградталады.

Олар – полиция аға лейтенанты Дархан Әбдікәрімов, өрт сөндіруші-құтқарушылар Владимир Беляков пен Айдархан Кемаладинов, полиция аға лейтенанты Дәурен Нәрікбаев және әділет кіші сержанты Абылай Төлеев.     

Бұл жігіттер өз басын қатерге тігіп, азаматтарды ажалдан арашалап қалды.

Біз шешуші сәтте өзгелерге көмекке ұмтылатын осындай қаһарман жандарды әрдайым өнеге етуіміз керек.

Максим Добросельский, старший офицер отдела управления центра одной из наших войсковых частей, в 2019 году образцово выполнял возложенные на него задачи в рамках миротворческой миссии Организации Объединенных Наций в Ливане. ООН официально направила в адрес МИД Казахстана уведомление о компетентных действиях офицера в боевой обстановке и ходатайствовала о его поощрении. Сегодня он будет награжден медалью «Жауынгерлік ерлігі үшін».

Сондай-ақ, десанттық-шабуылдау батальонының командирі Жасұлан Байбарақов әскери дайындықтың үздік үлгісін көрсеткені үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады.

Әрбір сарбазды темірдей тәртіпке, тыңғылықты дайындық пен кәсіби шеберлікке баулу керек. 

Баршаңызға Отан алдындағы мінсіз қызметтеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін!

 

Құрметті жауынгерлер!

Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Қашанда елге адал қызмет ететіндеріңізге  кәміл сенемін.

Айбынды әскеріміздің даңқы арта берсін!

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Соңғы жаңалықтар

«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!

Егемен Қазақстан • Бүгін, 19:08

Курчатовта АЭС салынуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 18:02

Вакцина салдырғандар саны артты

Коронавирус • Бүгін, 09:35

905 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:08

Ұқсас жаңалықтар