Президент • 06 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы «Жусан» операциясы туралы пікір білдірді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде «Жусан» арнайы операциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы «Жусан» операциясы туралы пікір білдірді

«Армия мен күш құрылымдары елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі болып табылады. Әлемдегі жаһандық катаклизмдер мен геостратегиялық құбылмалы жағдайда әскери қызметшілердің рөлі бірнеше есе артады. Сіздер Тәуелсіздігімізді қорғау ісінде бекем тұрсыздар. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан өңірлік және халықаралық тұрақтылықтың доноры ретінде танылды. Біздің әскери қызметшілеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясы шеңберінде қойылған міндеттерді табысты орындайды», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент «Жусан» арнайы операциясының мінсіз өтуі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінен деп атап өтті.

«Полиция мен прокуратура қызметі біртіндеп жетілдіріліп келеді. Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау жүйесін реформалау басталды. Оның тиімді іске асырылуы билік институттарына деген сенім деңгейін едәуір арттырып, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікті нығайтуды қамтамасыз етеді. Елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін мемлекет Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуына жіті назар аударып отыр. Әскерлерге жүйелі негізде қару-жарақ пен әскери техниканың ең заманауи үлгілері келіп түсіп жатыр. Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік қорғалу деңгейі кезең-кезеңімен артып келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15