Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жеті жасар баланы жүк көлігі соғып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

5 мамыр күні шамамен сағат 13:40-та Н. Назарбаев көшесінде ГАЗ жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер қиылысында жүргізуші жақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан бірінші сынып оқушысын соғып кетті.

Бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Абырой болғанда, баланың денсаулығына зиян келмеді, ата-анасы қарсылық білдіруден бас тартты. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша материал жинастырды, жүргізушіге айыппұл салынды.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жұмыстың аса өзекті екенін айтты.