Оқиға • 07 Мамыр, 2021

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі соғып кетті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі соғып кетті

Н.Назарбаев көшесінде «ГАЗ» жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер қиылысында жүргізуші жақтан жолды солдан оңға қарай кесіп өтіп бара жатқан бірінші сынып оқушысын соғып кетті.
Бала
облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Абырой болғанда, жылдамдық ақырын болғандықтан баланың денсаулығына зақым келмеген.
Полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бабы бойынша жүргізушіге айыппұл салды.