Қоғам • 07 Мамыр, 2021

100 жастағы майдангер полицияның жас офицерлерімен кездесті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰОС ардагері Никита Семенов Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында ПД мұражайының қабырғасында жас полиция офицерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

100 жастағы майдангер полицияның жас офицерлерімен кездесті

Майдангер Никита Семенов өзінің естеліктерімен бүгінгі полиция қызметкерлерінің жас буынымен бөлісті. Соғыста Никита Герасимович мерген болған, ал бейбіт өмірде 20 жылдан астам уақытын милицияда қызмет етуге арнаған. СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев атап өткеніндей бұл шын мәнінде ерекше кездесу болды.Іс-шара барысында СҚО ПД Мәдениет орталығы әскери тақырыптағы әндер шырқады. Шақырылған қонақтарға сыйлықтар табыс етілді. «Ерлік сабағы» Полиция департаменті мұражайының кинозалында, соғыстан кейін солдат шинелін милицияның погондарына ауыстырған, Ұлы Отан соғысының солтүстік қазақстан ардагерлері туралы фильмінің көрсетілімімен аяқталды.

Жеңіс күні жылдағы дәстүр бойынша майдангерлерді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өзі барып құттықтайды.