«Біртүрлі» Ахматова
Әкесі Ахматованың ақындығын мойындамапты, тіпті пысқырып та қарамаған. Сондықтан қызына өз тегімен жарияланып, жұртқа масқара болмасын деп лақап атпен жазуын талап етеді.

Осылайша Ахматова арғы әжесінің тегін алады. Ал ақынның шын аты-жөні – Анна Горенко.
P.S.: Әкесі бекер сенбеген. Әрине, ол кезде Ахматованың кейін «әйелдерге сөйлеуді үйрететін» ғажап ақын боларын білмесе керек. Өкінішті.
* * *
Италиялық суретші Амедео Модильяни Ахматованы алғашқы көргенде-ақ ғашық болыпты. Олар Парижде бір жыл араласып, кейін мүлде кездеспеген. Сол сезімдердің ізімен суретші ақынның 16 картинасын салған. Алайда ол туындыларды Ахматова сақтай алмады: біреуінен басқасының бәрі өртеніп кеткен.
* * *
Ақын көп уақыт бойы НКВД-ның бақылауында болған. Биографтардың айтуынша, оны жақын құрбысы, жазушы София Островская аңдыған. Ахматова бұл тосын оқиғадан, әрине, хабарсыз.
* * *
Ахматованы өте ырымшыл деседі. Мысалы, ол Гумилевтің үйленуге алғашқы ұсынысы кезінде жағалаудағы екі дельфиннің денесін көрген соң бас тартқан. Яғни бұл жақсылық нышаны емес деп білген. Сондай-ақ оны бала кезінде көбісі біртүрлі санаған. Өйткені ол томаға-тұйық, жалғыз өзі теңізге шомылып, жалаң аяқ көше кезіп жүре береді екен.
* * *
Ол тіл меңгеруге келгенде зерек болды. Бес жасында мұғалімнің балалармен сөйлескеніне қарап отырып, француз тілін үйреніпті.
* * *
Өмір бойы алғаш жазған өлеңдерінен ұялыпты. Бұрынғы баллада, жарияланған, тіпті қайта басылып шыққан атақты шығармаларын ол «бос қыздың кедей өлеңдері» деп атап, еске алғанды да ұнатпаған.
Игілікті кім бірінші көрді?
Өз шығармаларын жазу машинасында терген алғашқы қаламгер – Марк Твен екен. Адамзат ақыл-ойының жемісін һәм игілігін бірінші болып көру Твенге бұйырыпты. Әріптерді тықылдатып басып отырып қандай сезімде болды екен, қызық...
Оған да сол керек!
Михаил Лермонтовтың шектен тыс дөрекілігімен және келеке әзілдерімен даңқы шығыпты. Осындай қияңқы мінезінен болар, қоғамда оны жақтырмайтындар көп болған. Ақын өлімінен соң петербургтік жұрт «Оған да сол керек...», «Оның орны сол жақта» деп күбірлесіпті.
P.S.: Ол небәрі 26 жыл өмір сүріп, әдебиетте ғасырлар жасайтын шығарма қалдыра алды. Талант.
Толстой әулеті
Қан-қызыл шиені кім жақсы көрмейді?.. Бәріміз де жаз шықса, шие жеуге асығамыз. Алайда Лев ақсақал шиені ұнатпайды екен.
* * *
Иттің үргенін де жақтырмапты.
* * *
2010 жылғы санаққа сәйкес, әлем бойынша Толстойдың 350 ұрпағы бар екен.
«Ақымақ» Бродский
Сіз Бродскийдің Нобель сыйлығынан алған қаламақысын қайда жұмсағанын білесіз бе? Ол қаржының көп бөлігін достары Каплан мен Барышниковқа НьюЙорктағы «Русский Самовар» ресторанын сатып алуға берген. Не деген мәрттік?!
Анекдотшы Әсемқұлов
Газетке шыққан анекдоттарды қиып жинайтын әдеті болыпты. «Менің анекдотым кейбіреулердің намазынан жоғары. Кей адамдардың намазы Құдаймен сауда сияқты», дейді екен өзі. Әсемқұлов жастайынан өмірдің трагедиялық жағын көп көргендіктен болар, әрқашан көңілді жүруге тырысқан һәм анекдоттарын жаны жабырқау адамдарға айтып, күлдіріп отырады екен.
* * *
Тамақты жақсы пісірген. Жазушы бұл кәсіпті әскерде жүргенде үйреніпті. Тіпті қиын күндерде кафеге аспаздық жұмысқа кірсем бе екен деп те ойлаған.
* * *
Іске жарайтын ағаш, темір-терсек жинағанды да жақсы көріпті. Бірде біреулердің сыртқа шығарып тастаған ескі диванын байқап, ағаштарын бұзып алып келіпті. Мақсаты – шеберге беріп, домбыра жасату. Трамвай бұзғанда да сайман жасауға жарайтын темірлерін жинап жүріпті. Ал үйге қонақ келгенде «құнды» ағаштарын шкафтағы тондардың ішіне тығып қояды екен. Көңілжықпастық қой, сұраған адамға жоқ дей алмайды.
Жұмекен мен Асқарлар...
Жұмекен Нәжімеденов өлең жазғанда сіріңкенің шилерін бір-бірлеп майдалап сындырып отырады екен. Мұның сырын ақын ешкімге түсіндірмепті. Біздіңше, жазар әр ойдың қағазға түскенін білдірсе керек. Немесе жай ғана жүйке тыныштандыру амалы болуы да мүмкін.
* * *
Ал Асқар Сүлейменов мезетте ойға келген кей сөздерін шақпақ сыртына жазыпты деседі. Сондай-ақ плакатқа, конверт сыртына да жаза беріпті.
* * *
Тәкен Әлімқұлов қақаған аязда желең жүреді екен. Үйден жалаңбас шығатын болған. Мұның сырын ол қан қысымын төмендетуге көмегі тиетіндіктен дейді.
* * *
Шерхан Мұртаза кәдімгі шарлы қаламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жазғанын еш өзгертусіз машинкаға жіберуге тырысқан.
* * *
Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын сынғанша қолынан тастамай, ішін ғана ауыстырып отырады. «Мен тек автоқаламмен жазамын. Жазуды бастағалы бері автоқаламымды екі-ақ рет, асып кетсе, үш рет ауыстырыппын. Қырық жылға жуық уақыт ішінде ұстағаным – үш-ақ қалам. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. Ырым. Сенім», дейді өзі.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Кеше
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Кеше
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Кеше
Пікір • Кеше
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Кеше
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Кеше
Спорт • Кеше
Тарих • Кеше
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Кеше
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Кеше
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Кеше
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар