Орта ғасырда өмір сүрген атақты оқымысты Әбу Лайс Самарханди ислам әдептері жайында жазған еңбегінде: «Бір қауымның (халықтың) жер бетінен жойылып кетуіне себеп болатын дүниенің бірі – арақ. Өйткені ол сау адамды жындыға айналдырады», деген екен. Сол сияқты мұсылман ғұламаларының «арақ ішкен адамның бойында 40 күнге дейін иман болмайды» дейтін заңды пәтуасы бар. Бұл дүние қазіргі таңда медицина тарапынан да дәлелденіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдік қолданған адамның қанында алкогольдік зат 40 күнге дейін сақталатыны анық.

Жалпы, арақ атаулы көктен түскен төрт кітап: Тәуратта, Інжілде, Забурде, Құранда лағынеттелсе, исламның шариғат үкімінде: «Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, оның теріс жолға түсуіне себепкер болғаны. Кімде-кім арақ ішуші топпен бірге жүрсе, қияметте екі көзі көрсоқыр болады» десе, атақты хадисші-ғалым Имам Суютый: «Арақ ішкен адамнан періште қашады, сол себепті ол пенде пәле-жала, қақ-соққа көп ұрынады. Өйткені ол періштелер қамқорынан ажырап қалады», деген екен.
Жалпы, адам баласының арақтан тапқан зияны орасан. Тіпті мыңдаған жыл бұрын Ацтек, Мая мәдениеттерінің негізін қалаған, ішкі дүниетанымында ғарыштық болмыстың ахылық бейнесі бар тайпалардың құрып кетуіне ХІV-ХV ғасырларда еуропалықтар апарған отты судың (арақ) әсері көп болды. Оның бер жағында Ібір-Сібірді жайлап жатқан байырғы түркі этностарының бүгінгі аянышты ахуалына бірден-бір себеп осы қу арақ. Расын айтқанда, ішімдік – індеттен де жаман.
Бір таңданарлық жағдай әлемнің барлық мемлекеті арақты жаман дейді. Сөйте тұра өндіре береді. Мысалы, соңғы екі ғасырда арақ өндіруден түсетін табыс мөлшері – ішкі өнімнің 20-25 пайызын құраған көрінеді. Тіпті кейбір жылдары 40-45 пайызға дейін көтерілген кездері де болыпты. Бір қызығы әлемде арақ өндірмейтін мемлекет (бірнеше мұсылман елдерінен басқа) жоқ. Тіпті экономикасы құлдырап, өнім өндіруге қауқары жоқ елдердің өзі басқаға шамасы жетпесе де арақ өндіретін мүмкіндікке ие.
Қазіргі таңдағы дүниежүзілік әлеуметтанушылар пікіріне жүгінсек, әлем халықтарының 65-70 пайызы қандай да бір ішімдік түрін қолданады. Әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер арақ ішу жағынан «көшбасшылық» қабілетінен әлі айырыла қоймапты. Оның ішінде біз де бармыз.
Айталық, бірнеше жыл бұрын жарияланған Нұр-Сұлтан қалалық статистика басқармасының дерегіне сүйенсек, елордада жыл бойы сатылатын арақ өнімдерінің мөлшері жан басына шаққанда әр адамға 10-12 литрден тиесілі болыпты. Халықаралық сараптаудың негіздемесінде бұл көрсеткіш 8 литрден асқан жағдайда, ондай жұрттың болашағы күмәнді деп есептеледі. Бұл дабыл қағатын жағдай.
Оның сыртында арақтың адам денсаулығына зияны орасан. Бірнеше жылдың алдында Вашингтон университетінің докторы Анн Стрейгсгуз дейтін ғалым Питербург университеті мамандарымен бірлесіп, 700 жүкті әйелге тәжірибе жасап көрген екен. Осындағы қорытындыға қарағанда, аз мөлшерде болсын ішімдік ішетін әйелден туған балалардың 89 пайызы әлжуаз, 40 пайызының есту қабілеті нашар, 25 пайызында көз жанарынан ерте айырылу ықтималдығы басым. Маман дәрігерлердің айтуына қарағанда, қанына ішімдіктің салдары сіңген сәбилердің бойынан 850-ден астам әртүрлі дерттің іздері табылатын көрінеді.
Жалпы, ішімдік мәселесінде шешілмеген түйіндер көп. Алкогольді өнім мемлекеттің экономикалық қаржы қорының айналымына елеулі әсер етеді дейді экономистер. Бұл пайдалы жағы. Ал қасіреті бастан асып жатыр.
Келесі бір ойланарлық дүние – арақ-шарапты өндіруге, оны саудалауға толық тыйым салған ислам елдерінің қаржылық жағдайы арақ сататын бізден әлдеқайда артық. Соған қарағанда, арақсыз да жан бағуға болатын сияқты. Әрі қазіргі таңда болашақ ұрпақты ішімдік пайдаланудан сақтандыратын бірден-бір жол отбасылық-ислами тәрбие делінуде.
Демек бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елі азаматтарының ұлттық сипаты қандай болу керек дегенге тоқталар болсақ, ең бірінші шарт – қазақ азаматы арақ-шараптан алыс болуы тиіс дер едік. Арақтан алыс жүрген адамның – отбасы тыныш, ырысы халал, ұрпағы аман, ақылы толық, иманы берік болары хақ. Ондай адам тәуелсіздігін де қорғайды, халқын да сыйлайды, Алланың аманатын да ұмытпайды.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар