Әлем • 11 Мамыр, 2021

Өзбекстандағы Сардоба ісіне қатысы бар 17 адам сотталды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда былтыр мамыр айында Сардоба су бөгетінің жарылу оқиғасына байланысты 17 адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстандағы Сардоба ісіне қатысы бар 17 адам сотталды

Айыпталушылар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, оларға ірі көлемде айыппұл салынды.

Ең ауыр жаза «Узтемир-юл-курилиш-монтаж» ұлттық компаниясының бас директоры болған Холматовқа кесілген. Оған ұрлық жасап, мүлікті талан таражға салды және қауіпсіздікке салғырт қарап, адам өліміне себепші болды деген айып тағылып, 10 жылға сотталды. Сондай-ақ тағы 4 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, былтыр 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су бөгеті жарылып, қоймадан аққан су Өзбекстандағы елді мекендермен бірге Түркістан облысындағы бірнеше ауылды басып қалған еді. Жүздеген адам зардап шегіп, мыңдаған тұрғын эвакуацияланған болатын.