Президент • 11 Мамыр, 2021

Айтылды-Орындалды: Оқулықтардың электронды нұсқалары ақысыз болады

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының қашықтан оқуға қатысты бірқатар тапсырмасы орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Айтылды-Орындалды: Оқулықтардың электронды нұсқалары ақысыз болады

«Мемлекет басшысы «Қашықтан оқу жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдың бірі – электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс» деген болатын. Отандық баспалар мен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасына.

Президенттің айтуынша, 1-11 сыныптарға арналған барлық электронды оқулықтар Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колдедждердің 100%-ы отыздан астам платформаға қол жеткізе алады. 21 000-нан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды. 12 368 бейнесабақ, 3 848 электронды оқулық, 5 771 қосымша материал, 30 368 ұстаз ІТ құзіреті бойынша біліктілігін арттырды. Қашықтан оқу платформаларя мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзірленді», дейді ол.

1