Парламент • 11 Мамыр, 2021

Нұрлан Нығматулин: Депутаттар сақтандыру нарығындағы мәселелерді қолға алады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин: Депутаттар сақтандыру нарығындағы мәселелерді қолға алады

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобасы ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруға қатысты келісімді, сондай-ақ екі ел арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына байланысты заң жобалары бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді және Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын II оқылымда қарамақ.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алуды көздейді. Олар рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобалары.