Білім • 11 Мамыр, 2021

ҰБТ-2021: 21 тест сұрағы қате құрастырылған

587 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ-2021: 21 тест сұрағы қате құрастырылған

«Министрдің тапсырмасымен тәжірибесі, жетістіктері мен кәсібилігі тұрғысынан әзірлеушілерге қойылатын талаптар күшейтілді, әр тест тапсырмасының сапасы бойынша келісімшартта қосымша жауапкершілік енгізіліп, жосықсыз әзірлеушілердің тізімі (қара тізімге) құрастырылды, яғни ол тізімге кіру - ҰТО жұмысына қатысудың кез-келген мүмкіндігін жояды.

Сондай-ақ, біз орталықтың ішінде де тиісті жұмыстарды жүргіздік: тестология бойынша бірнеше оқыту курстарын өткізіп, сарапшылардың лауазымдық нұсқаулықтарында әр тесттің сапасына қатысты жауапкершілікті арттырдық, сонымен қатар тестілеуді әзірлеуде орталық қызметкерлерінің туыстарының қатысуына тыйым салдық (сәлем, мүдделер қақтығысы).

Бұның барлығы қазірдің өзінде нақты нәтижелерге алып келіп отыр: егер 2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмалары дұрыс емес деп танылса, 2019 жылы - 58, 2020 жылы - 27, ал 2021 жылғы наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.

Оның үстіне жылдан-жылға «есте сақтауды жаттықтыруға» бағытталған тапсырмаларды азайтып, функционалдық сауаттылыққа, яғни алған білімді іс жүзінде қолдана білуге басымдық берудеміз. Қазірдің өзінде мұндай тапсырмалардың 70 пайыздан астамы дайын. Ал осы жылдың жаңалығы - Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталардың жариялануы. Тек осы даталардан ғана сандарға байланысты сұрақтар кездеседі. Олардың жалпы саны әр тестіленушіге тек 2-еу-3-уі ғана келетіндей етіп қысқарттық. ҰБТ- бұл жаттап алу деген сөз емес!»,  деп жазды Дидар Смағұлов.