Оқиға • 11 Мамыр, 2021

Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Ведомствоның мәліметінше, өрт мамырдың 11-і күні Көкшетау қаласындағы Буденный көшесі 60 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабарлама сағат 04:18-де түскен.

«Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Одан 30 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 6 өрт сөндіру техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04:40-та ауыздықталып, 04:48-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.