Қазақстан • 11 Мамыр, 2021

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен ауғандықтар ұсталды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өздерінің айтуларына қарағанда биыл мектеп бітірген төрт Ауғанстан азаматы Қазақстан шекарасын Өзбекстандағы белгіленбеген жерден бұзып өткен. Сондықтан олардың Қазақстан аумағында тұруға ешқандай рұқсаты болмаған. Алайда Петропавлда пәтер жалдап тұрған. Пәтердің сақталуын тексермекке келген үй иесі қазақша да, орысша да білмейтін жігіттерден күдік алып, полицияға хабарлаған.

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен ауғандықтар ұсталды

Тексеруге келген полиция жас жігіттердің заңсыз тұрып келгенін анықтаған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері жиналған материалдарды Петропавл қаласының  ПБ анықтау бөліміне тапсырды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Не қазақ, не орыс тілдерін білмейді, біз аудармашы арқылы тілдестік. Айтуларына қарағанда олар мектепті жуырда аяқтаған. Өз елдерінде болашақтарының жарқын боларына күмәнданған жастар Батыс Еуропаға жетіп, босқындар мәртебесін алуды көздеген. Қазіргі уақытта шетелдіктердің ҚР аумағында заңсыз болуларының мән-жайлары анықталуда», деп хабарлады Петропавл қаласы ПБ АБ бастығы, полиция майоры Дәурен Нығметов.