Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Диқандар дала жұмыстарына шықты

126 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Іркес-тіркес тізілген тракторлар егіс алқаптарын бетке ала бастады. Диқандар осы шыққаннан қара күзге дейін тыным таппайды. Бірақ топырақтың қызуына қарай әр ауданда дән себу жұмыстары әртүрлі басталады.

Диқандар дала жұмыстарына шықты

2017-2021 жылдарға бекітіл­ген егіс алаңы құрылымын әрта­рап­тандыру туралы меморан­дум­ға сәйкес, Алтай ауданында биыл егіс алаңы 72,2 мың гектарды құрап, былтырғы дең­гей­мен салыстырғанда 0,03 мың гектарға артты. Көктемгі дән­ді дақылдарды егу биыл 40,2 мың гектарды құрады, майлы дақылдар 25,1 мың гектар, оның ішінде күнбағыс 19,4 мың гектар, рапсты 5,6 мың гектарға егу жос­пары бар.

Топырақтың құнарлылығын сақтау және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін ауданның ауылша­­­руа­­­шылық құрылымдары 5 309,5 тонна минералды тыңайт­қыш сатып алды. Сондай-ақ көк­тем­гі дала жұмыстарын жүр­гі­зу­ге ауданға 2 665 тонна дизель отыны бөлініп, былтырғы деңгейден 585 тоннаға артты.

Алтай ауданында тракторлар мен басқа техникалардың 1 009 бірлігі бар. Бұл биылғы егіс нау­қанының барлық қажеттілігін жабу­ға қауқарлы. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүр­гізу үшін ауылшаруашылық құ­рылымдары 600 млн тең­ге­ден астам сомаға 12 бірлік ауыл­шаруашылық техникасын және жабдықтарын сатып алуды жос­парлауда. Бүгінде 312 млн теңгеге 6 бірлік техника жет­кізілді.

Ал Бородулиха ауданының ауыл­шаруа­шылық бөлімі мамандары берген деректерге сенсек, биыл мұндағы егіс алқаптары 325 мың гектарды құрамақ. Жаз­дық егіс­ті сәтті жүзеге асыру үшін биыл 210 мың гектарда ылғалды жабу жұмыстары жүр­гізілетін көрінеді. Бүгінде оның 34,5 па­­­йызы орындалған. Сонымен қатар 39 мың гектар алқап жыртылып, 325 мың гектар алқап қайта өңделеді.

Жалпы алғанда, биылғы көктемгі егіс науқанына Боро­ду­лиха ауданы бойынша 1 231 шынжыр табанды және дөң­ге­лек­ті техника, 2 146 түрлі агрегат жұ­мылдырылады. Бұл техникалар егістік жұмыстарына 100 па­йыз әзір.

Шаруашылықтарды жер­гі­лік­ті жерге бейімделген дақыл тұ­қымдарымен қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша үш тұқым өсіруші және бір асыл тұқымды шаруашылық жұмыс іс­тейді. Бүгінгі таңда себілетін тұ­қымның 14,8 мың тоннасы, яғни 87,9 пайызы толықтай тек­се­ріліп болды.

Көктемгі егіс жұмыс­та­рын жүргізу үшін боро­ду­лиха­лық­тарға ауыл шаруа­шы­лы­ғы бас­қар­масының берген квотасына сәйкес, 6 370 тонна дизель отыны бөлінген. Оның 455 тоннасы наурызға, 1 265 тоннасы сәуірге, 3 315 тоннасы мамырға, ал 975 тон­насы маусым айына көз­дел­ген.

 

Шығыс Қазақстан облысы