Коронавирус • 12 Мамыр, 2021

40 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 12 мамырдағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

40 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

12 мамырдағы мәлімет бойынша, 40 056 адам коронавирус инфекциясынан (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-) ем алып жатыр.

Оның ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ шалдыққандар арасында 799 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.