Президент • 12 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

1336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

«Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады»,  делінген ресми хабарламада.

Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмысы басталды.

Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электронды поштасына жібере алатыны айтылды.

Конституциялық Кеңес - бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев - Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға - Қайрат Мәми.