Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Қарағандыда күлі аз, сапасы жоғары көмір шығарыла бастайды

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда күлі аз, сапасы жоғары көмір шығарыла бастайды. Жаңа байыту фабрикасының ТМД елдерінде баламасы жоқ. Ірі жоба ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда күлі аз, сапасы жоғары көмір шығарыла бастайды

Жобаның құны 12 млрд теңгені құрады. Оны жүзеге асырудың арқасында 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Фабриканың қуаттылығы – сағатына 300 тонна немесе жылына екі миллион тонна байытылған көмір.

«Қарағанды облысы – бұл шикізат өндіруден бастап қайта өңдеуге дейінгі өнеркәсіптік кластерлер құрылатын индустриялық өңір. Бүгін біз жаңа технологияларды пайдалана отырып салынған байыту фабрикасының ашылуына қатысып отырмыз. Qaz Carbon компаниясының ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар. Өткен жылы осы алаңда құю өндірісін ауқымды жаңғырту жүргізілді»,  деді Роман Скляр.

Кәсіпорында «дымқыл байыту» технологиясы қолданылады. Бүкіл процедура қоршаған ортаға зиян келтірместен жабық циклде жүреді. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. Әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату «Индустрия 4.0» бағдарламасының параметрлеріне сәйкес келеді.

Жобаны іске асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.